-- : --
Зарегистрировано — 123 453Зрителей: 66 533
Авторов: 56 920
On-line — 4 646Зрителей: 899
Авторов: 3747
Загружено работ — 2 123 741
«Неизвестный Гений»
Tiлiм,тiлiм...
Пред. |
Просмотр работы: |
След. |
29 сентября ’2012 12:08
Просмотров: 22660
Тілім, тілім...
Неше айналып келсе тағы,
Өкпек күн,
Тілім, тілім,
Тілім деумен өтпекпін.
Тарғыл-тарғыл,
Шұбар тілмен бүгінгі,
Қай мұратқа,
Қай ұшпаққа жетпекпін?!
Дерт қосылды,
дертіме кеп тағы бір,
Ана тілдің шығар-шықпас жаны жүр.
Өлгені де, тірілгені тілімнің,
Жанбағыстың «құлдарына» бәрі бір.
Құлқыны үшін,
тоны тозып, аты арып,
Жұтсам дейді,
Шашалып та, қақалып...
Өзге қазақ – қазақ емес секілді,
Шырылдап жүр жалғыз ғана,
Шаханов...
Айналайын...
аңқылдаған қарағым,
Алды-артыңда бет қаратпас
бар ағын.
Білесің бе?
Бүгін-ертең, егерде –
Тілің өлсе...
Күніңнің не боларын???
Айналаңда өзге ниет,
Өзге діл...
Жалпақтайды «бауырым» деп,
Көзге құр.
Ана тілсіз қара бақыр бағамыз –
Жанбағысқа ғана керек өзге тіл.
Ана тілсіз – басқанікі басың да,
Басқанікі...
бала-шағаң...
досың да.
Өз тіліңнен айырылған сәттен-ақ,
Өзгенікі –
өзен-көлің, тасың да...
Білесің бе?..
Айналайын бауырым!
Төгіледі өзегімнен ауыр үн.
Ана тілсіз – өзіңе-өзің бөтенсің –
Қара тасқа айналады бауырың.
Ана тілсіз – айналасың елеске,
Қаңбақ болып домалайтын жел ессе.
Бұ жалғанда бары-жоғың белгісіз,
Ешкім елеп, алмайды да сені еске...
Сондықтан да,
тілдің зарын шекпекпін,
Тілім, тілім...
Тілім деумен өтпекпін.
Қаным, Жаным, -
Ана тілім болмаса,
Мынау мылқау дүниені...
Нетпекпін?!
Свидетельство о публикации №41308 от 29 сентября 2012 годаНеше айналып келсе тағы,
Өкпек күн,
Тілім, тілім,
Тілім деумен өтпекпін.
Тарғыл-тарғыл,
Шұбар тілмен бүгінгі,
Қай мұратқа,
Қай ұшпаққа жетпекпін?!
Дерт қосылды,
дертіме кеп тағы бір,
Ана тілдің шығар-шықпас жаны жүр.
Өлгені де, тірілгені тілімнің,
Жанбағыстың «құлдарына» бәрі бір.
Құлқыны үшін,
тоны тозып, аты арып,
Жұтсам дейді,
Шашалып та, қақалып...
Өзге қазақ – қазақ емес секілді,
Шырылдап жүр жалғыз ғана,
Шаханов...
Айналайын...
аңқылдаған қарағым,
Алды-артыңда бет қаратпас
бар ағын.
Білесің бе?
Бүгін-ертең, егерде –
Тілің өлсе...
Күніңнің не боларын???
Айналаңда өзге ниет,
Өзге діл...
Жалпақтайды «бауырым» деп,
Көзге құр.
Ана тілсіз қара бақыр бағамыз –
Жанбағысқа ғана керек өзге тіл.
Ана тілсіз – басқанікі басың да,
Басқанікі...
бала-шағаң...
досың да.
Өз тіліңнен айырылған сәттен-ақ,
Өзгенікі –
өзен-көлің, тасың да...
Білесің бе?..
Айналайын бауырым!
Төгіледі өзегімнен ауыр үн.
Ана тілсіз – өзіңе-өзің бөтенсің –
Қара тасқа айналады бауырың.
Ана тілсіз – айналасың елеске,
Қаңбақ болып домалайтын жел ессе.
Бұ жалғанда бары-жоғың белгісіз,
Ешкім елеп, алмайды да сені еске...
Сондықтан да,
тілдің зарын шекпекпін,
Тілім, тілім...
Тілім деумен өтпекпін.
Қаным, Жаным, -
Ана тілім болмаса,
Мынау мылқау дүниені...
Нетпекпін?!
Голосование:
Суммарный балл: 0
Проголосовало пользователей: 0
Балл суточного голосования: 0
Проголосовало пользователей: 0
Проголосовало пользователей: 0
Балл суточного голосования: 0
Проголосовало пользователей: 0
Голосовать могут только зарегистрированные пользователи
Вас также могут заинтересовать работы:
Отзывы:
Нет отзывов
Оставлять отзывы могут только зарегистрированные пользователи
Трибуна сайта
Наш рупор
Интересные подборки: